Жаңалықтар

28 тамызда Халықаралық сертификаттау орталығы ICert «Amanat» партиясы жанындағы Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту жөніндегі республикалық кеңестің отырысына қатысты. Кеңеске Мәжіліс депутаты, Кеңес төрайымы Е.В. Смышляева жетекшілік етті.

Кездесуде ТКШ саласындағы басты мәселелер – цифрландыру және ОСИ, ПИК, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушы компаниялардың басшылары мен қызметкерлерінің құзыреттерін растау талқыланды. Пікірталасқа министрліктер мен комитеттердің өкілдері, «Қазцентр ТКШ» кеңесшілері, сондай-ақ аймақтық бөлімшелер мен сала сарапшылары қатысты.

ICert – Қазақстанда алғашқы болып ТКШ саласы мамандарын тәуелсіз сертификаттау бойынша аккредиттеуден өтіп жатқан орталықтардың бірі. Біз қазір аккредиттеу жұмысының соңғы кезеңіндеміз, ал алғашқы емтихандарды қыркүйек айының екінші жартысынан бастап өткізуді жоспарлап отырмыз.

Сертификаттау – саланы кәсібилендіруге, тұрғындардың басқарушыларға деген сенімін арттыруға және ТКШ саласында жаңа сапа стандарттарын қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.

✨ Барлық жаңалықтар мен өзекті ақпаратты біздің парақшаларымыздан таба аласыздар:
Instagram: @icert.kz
Facebook: ICert Certification Center
Сайт: www.icert.kz

Отырыс ұйымдастырушыларына шақырғандары және біздің жұмысымызға қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз! 💡

  • 20250828-LK4A3108
  • 20250828-LK4A3126
  • 20250828-LK4A3149
  • 20250828-LK4A3175
  • 20250828-LK4A3183
  • 20250828-LK4A3248
  • 20250828-LK4A3309
  • 20250828-LK4A3316
  • 20250828-LK4A3322
  • 20250828-LK4A3326
  • 20250828-LK4A3372
  • 20250828-LK4A3378
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұра ауданы
Шыңғыс Айтматов к., 46А құрылысы, 12 кеңсе
+7 (7172) 72-52-16
Эл.пошта: info@icert.kz
© 2026. Все права защищены