«ICert» Халықаралық сертификаттау орталығы – құзыреттілікті бағалау, персоналды кәсіби сертификаттау және біліктілікті дамыту саласындағы сараптамалық әлеуетті біріктіретін заманауи ұйым. Орталықтың қызметі сенім мәдениетін қалыптастыру және адами капитал сапасын арттыру жөніндегі ұлттық басымдықтарды іске асыруға бағытталған.
ICert қызметінің негізгі мақсаты – мамандардың құзыреттілігін тәуелсіз растау жүйесін дамыту және бағалау нәтижелеріне мемлекет, бизнес және қоғам тарапынан сенімді нығайту.
Орталық құрылымында Персоналдың сәйкестігін растау органы жұмыс істейді, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу орталығы тарапынан ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша ресми түрде аккредиттелген.
Орган келесі бағыттар бойынша кәсіби сертификаттауды жүзеге асырады:
- Жобаларды басқару (Project Management);
- Адам ресурстарын басқару (Human Resources);
- Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару (Facility Management).
Ұраны
«Халықаралық стандарттар - ұлттық мойындау»
Біз мамандардың құзыреттілігін халықаралық талаптар мен Қазақстан Республикасының кәсіби стандарттарына сәйкестігін негізге ала отырып растаймыз.
Көзқарас
Қазақстан Республикасында персоналды сертификаттау саласында тәуелсіз және жетекші ұйым болу, ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған құзыреттілікті бағалаудың жоғары стандарттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтың орнықты дамуына үлес қосу.
Миссия
Персоналды сертификаттаудың ашық, объективті және цифрлық жүйесін қалыптастыру және жетілдіру арқылы мамандардың біліктілігінің еңбек нарығының, кәсіби стандарттардың және халықаралық талаптардың деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету.
Мақсаттар
- сертификаттау нәтижелеріне деген сенімді арттыру және ICert сертификаттарының ұлттық және халықаралық деңгейде ресми мойындалуын қамтамасыз ету;
- кәсіби құзыреттілік мәдениетін қалыптастыруға және кадрлық әлеуеттің үздіксіз дамуына ықпал ету;
- мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, бизнес құрылымдармен және білім беру ұйымдарымен өзара әріптестікті кеңейту;
- халықаралық стандарттарға, үздік әлемдік тәжірибелерге және жасанды интеллект элементтеріне негізделген сертификаттау рәсімдерін үнемі жетілдіру;
- орталықтың персоналдың сәйкестігін растау органының аккредиттеу саласын кеңейту - мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сертификаттау экожүйесіне қатысушы өзге де мүдделі тараптардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында неғұрлым өзекті және сұранысқа ие бағыттар бойынша.

