СЕРТИФИКАТТАУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

ҚР СТ ISO 21502-2022 – Жобаларды басқару жөніндегі басшылық

 

деңгей — «Жоба жетекшісі»

Жобаны басқару саласындағы білімдерін қолдана алады және жобада команданың бір мүшесі ретінде қатыса алады, бірақ күрделі тапсырмаларды орындауға жеткілікті жалпы білімі жоқ.

Критерийлер

- Мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік және жекеменшік сектор қызметкерлері, жобалық командада жұмыс тәжірибесі бар немесе жобаларды басқару персоналы құрамына кіретіндер;

  • Жоғары немесе орта кәсіптік, техникалық білімнің болуы;
  • Бұл салада практикалық қызмет тәжірибесінің кемінде бір жыл болуы.

Бағалау әдістері

1) 60 сұрақ;

2) 60 минут.

Емтиханды сәтті тапсырудың минималды өту шегі – 60%, яғни кем дегенде 36 дұрыс жауап.

Нәтиже 

Санаты бойынша жарамдылық мерзімі бар сәйкестік сертификаты.
3 жыл.


II деңгей — «Бағдарлама жетекшісі»

Сипаттамасы — Қызмет саласы

Жай жеке жобаны ғана емес, сонымен қатар тиісті ресурстарды, әдістемелер мен құралдарды пайдалана отырып, бағдарламаны басқаруға қабілетті, бұл сертификаттаудың негізгі пәні болып табылады.

Критерийлер

- Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік, ведомстволық және жекеменшік ұйымдардың жобалар мен бағдарламаларды басқаруға қатысатын жоғары және орта буын басшылары;

  • Осы салада кемінде екі жылдық практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • I деңгей (Жоба жетекшісі) бойынша жарамды сертификаттың болуы.

Бағалау әдістері

Практикалық емтихан (эссе) өткізу:

1) эссе;

2) 60 минут.

Емтиханды сәтті тапсырудың минималды өту шегі – 60% (қоса алғанда).

Нәтиже 

Санаты бойынша жарамдылық мерзімі бар сәйкестік сертификаты.
3 жыл.


III деңгей – «Портфель басшысы

Сипаттамасы – қызмет саласы

Портфельді басқару, маңызды басқару шешімдерін қабылдау, жобалар мен бағдарламаларға арналған кандидатураларды бекіту міндеттері бойынша жұмыс істеуге қабілетті.

Критерийлер

  • Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік, ведомствоаралық және жеке

ұйымдардың жобалар/бағдарламалар портфелін басқаруға қатысатын жоғары деңгейдегі басшылар;

  • Аталған салада кемінде үш жылдық практикалық жұмыс өтілі болуы;
  • I және II деңгейдегі (Жоба басшысы және Бағдарлама басшысы) жарамды сертификаттың болуы.

Бағалау әдістері
Сұхбат жүргізу:

1)сұхбат;

2) ұзақтығы 40 минуттан аспайды.

Емтиханды сәтті тапсыру үшін минималды өту шегі 60% және одан жоғары.

Нәтиже 

Санаты бойынша жарамдылық мерзімі бар сәйкестік сертификаты.
3 жыл.

ТК-деңгейі – «Тренер-консультант»

Сипаттамасы – қызмет саласы

Мамандандырылған жоғары деңгейдегі жобалық құзыреттерді сипаттайды, жобалық басқару саласында оқыту және жобалық командаларға сараптамалық/әдістемелік қолдау көрсету үшін қажет.

Критерийлер

  • Жобалық басқару талаптары, процестері, әдістері, техникалары, құралдары, оқулықтары мен 

нұсқаулықтарын әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар мамандар;

  • Аталған салада үш жылдан астам практикалық жұмыс өтілі немесе педагогикалық жұмыс өтілі

кемінде 200 академиялық сағат (1 академиялық сағат – 40 минутқа тең) болуы;

  • I, II және III деңгейлер бойынша (Жоба басшысы, Бағдарлама басшысы және Портфель басшысы)

жарамды сертификаттың болуы.

Бағалау әдістері

Оқу бағдарламасын қорғау және сұхбаттасудан өту

  1. 40 минуттан аспайды

Емтиханды сәтті тапсыру үшін минималды өту шегі 60% және одан жоғары.

Нәтиже 

Санаты бойынша жарамдылық мерзімі бар сәйкестік сертификаты.
3 жыл.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұра ауданы
Шыңғыс Айтматов к., 46А құрылысы, 12 кеңсе
+7 (7172) 72-52-16
Эл.пошта: info@icert.kz
© 2026. Все права защищены